Атырау, 25 қараша 17:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жапония премьері Мәскеудегі парадқа бармайды

1 214 просмотра

Image 0Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығы құрметіне өтетін парадқа бармайтын болды. Премьердің баспасөз хатшысы Йошихиде Суганың айтуынша, Синдзо Абэ Мәскеуге жұмыс кестесінің тығыздығынан бара алмайды. Премьердің орнына парадқа Жапонияның Ресейдегі елшісі қатыспақ.

Жапония өткен жылы Ресей президенті Владимир Путинді сапарлап келуге шақырған. Бірақ кейін Шығыс Украинадағы қақтығысқа байланысты сапар белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған. Йошихиде Суга Путиннің қай кезде келетіні әлі шешілмегенін айтты.

Синдзо Абэ энергетикалық ресурстары мол Ресеймен жақсы қарым-қатынас ұстауға басымдық беретін. Бірақ Жапония АҚШ пен Еуропа Одағымен бірге Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Донбасстағы қақтығысқа араласқаны үшін ресейге экономикалық санкциялар салған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

28 сәуір 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.