Атырау, 19 мамыр 12:17
 дождьВ Атырау +22.3
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

БҰҰ-да Эболаға арналған мобильді қосымша жасалды

1 745 рет қаралды

Image 0Енді БҰҰ-ның Батыс Африка елдерінде Эбола індетін тоқтату бойынша жұмысын бақылауға болады, деп хабарлайдыBNews.kz.

Ұйым баспасөз қызметінің мәліметінше, БҰҰ-да iOS пен Android базасында смартфондарға арналған арнайы қосымша әзірленді. Ол БҰҰ-ның вирус тараған елдердегі жұмысы туралы материалдарды тыңдап, көріп, жаңалықтарды оқуға мүмкіндік береді. Материалдар БҰҰ-ның барлық ресми тілдерінде қолжетімді.


Еске сала кетсек, Эболадан Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леоне ең көп зардап шекті. Вирусты 26 мың адам жұқтырды, олардың 10808-і көз жұмды.

Дереккөз: bnews.kz


28 сәуір 2015, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.