Атырау, 28 қараша 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көлікті өзі тіркеуге құқылы

3 057 просмотра

Image 0«Қазақстандық автоөнеркәсіпті табыстаушы көлік орталықтарының бірі жеңілдікпен автонесиелеу арқылы пайда түсіргілері келеді» деп хабарлады бізге оқырмандар. Біз осы компаниядан комментарий алған едік.

«АЖ»-ға «БИПЭК АВТО» автосалонының менеджерлері көлік құралын тіркеу бойынша өз қызметтерін таңбақ болды деген шағыммен бірнеше қоңырау келіп түсті:

- Бізге олар арқылы тіркеуден өту шарты қойылды. Оларда бұл қызмет 43 мың теңге тұрады. Ал біз оны өзіміз жасайтын болсақ, тіркеу 20 мың теңгеге шығады. Олар егер біз бұл шартты қабылдамасақ, жеңілдікпен несиелеу арқылы көлікті ресімдеуден бас тартамыз деп қоқан-лоққы көрсетеді, - деді Атырау тұрғындарының бірі телефон арқылы.

Бір қызығы, бағдарламаға қатысушы банктердің бірінің қызметкері автосалон менеджерлерінің тарапынан жасалған осындай мәлімдемеге куә болғанын растады. Біз компанияға қымбат қызметті мәжбүрлеуге қатысты ахуалды түсіндіру және мұндай талап үшін заңды негізді атау, сондай-ақ осы бағдарламада өнімді сатушы серіктес ретінде ғана қызмет атқаратын автосалонның мемлекеттік бюджет бөлетін несие қаржыларын алу процесіне қалай ықпал ете алатындығын түсіндіру өтінішімен ресми сауал жолдаған едік.

«БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС-нің филиалдарды дамыту департаментінің директоры Айдар МЕҢДІБАЕВ былай деп жауап берді: «“БИПЭК АВТО" Компаниялар тобының автоорталық менеджерлері ұсынған көліктерді тіркеу жөніндегі қосымша қызметті ұсыну негізділігі туралы сіздің сауалыңызға төмендегіні хабарлаймыз: Бағдарлама талаптарына сәйкес жеңілдік несиелеріне бағытталған қаржы есебінен тек несиеге алынатын көліктің өзінің құны ғана төленеді. Жеңілдікпен несиелеу шартымен көлікті сату кезінде клиентпен келісім бойынша «БИПЭК АВТО» КТ автоорталықтары көрсететін басқа ілеспелі ақылы сервистер мен қызметтер несие сомасына кірмейді және клиент оны өз есебінен өзі төлеуге тиесілі. Мұнда екінші деңгейлі банктің белгілі бір тұлғаны – жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына қатысушыны несиелеу туралы шешімді несие ресімдеу үшін ықтимал сатып алушы жүгінген банктің өкілетті тұлғасы ғана қабылдайды. Көлік орталықтарының менеджерлері мен несие қаржысының есебінен көлікті сатып алу келісіміне қатысатын басқа тұлғалар несиелеу туралы шешім қабылдауға қатыспайды, ал екінші деңгейлі банктер несиені мақұлдау немесе бас тарту кезінде олардың пікірін ескермейді.

Сонымен қатар, стандартты несиелеу шарты жеңілдікпен несиелеу шартынан ерекшеленуі мүмкін екендігіне назар аударамыз. Кей жағдайларда, несие сомасына клиенттің қалауы бойынша сатып алынатын көлікті есепке қою және ресімдеу бойынша автоорталықтың қызмет құны қосылады. Алайда жеңілдікпен несиелеу секілді, мұнда да екінші деңгейлі банк клиенттің төлем қабілеттілігін, оның несие тарихын және басқа факторлар, сондай-ақ, банктер мен банк қызметтері туралы ҚР-ның қолданыстағы заңнамасымен бекітілген талаптарын ескеріп, шешім қабылдайды.

Компаниядан негізгі сұраққа жауап ізінше келді:

«Автоорталық менеджерлері көлікті сату кезінде қосымша төлемақыға көлікті есепке қою жөнінде қосымша қызмет ұсынады. Бұл қызмет клиенттің келісімімен ғана ұсынылады және міндетті болып табылмайды (белгілеген мен – З.Б.). Клиент полиция органдарына көлікті өзі ресімдеуге құқылы. Сатып алушының бұл қызметтен бас тартуы біздің тарапымыздан көлікті сатудан, соның ішінде несиеден бас тарту үшін негіз болып табылмайды».

…Топшылағанымыздай, біздің нарық автонесиелеуге жеңілдікпен берілген 15 миллиардты жұтып жіберуге қабілетті екен. Бағдарламаның алты банк-серіктесінің екеуі бөлінген қаржыны бір-екі жұмыс күні ішінде игеріп алды. «Еуразия банкі» мен «Сбербанк» жеңілдікпен несие беруді тоқтатты, өйткені өз лимиттерін бітірді. Бүгінгі күні «Банк ЦентрКредит», «Қазақстанның Халық банкі», «Фортебанк» пен «АТФ Банк» отандық зауыт құрастырған көлікке 7,5 пайыз мөлшерлеме бойынша несие ресімдеуге өтініштер қабылдауды жалғастыруда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 сәуір 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.