Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда Украинадағы соғысқа қатысушы сотталды

2 346 рет қаралды

Image 027 сәуірде №2 қалалық сот Украинада сеператистер жағында соғысқан Атырау тұрғынына үкім шығарды. Жас жігіт 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

А.У. үстіміздегі жылдың ақпанында қамаққа алынды. Тергеу оның 2014 жылғы мамыр айында Украина аумағына барып, өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасы жасақтарының қатарында соғысуға шешім қабылдағанын анықтады. Интернет арқылы жасақтаушылармен байланысып, 2014 жылы Дондағы Ростовқа барып, өз жасақтаушыларымен кездеседі. Содан кейін ол жасақшылар тобы құрамында Ресей-Украина мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтеді. Донецкіде өткен әскери дайындық курстарында «ЗУ-23» және «Стрела-2» ЖЗРК зенитті қондырғыларынан атуды үйреніп, ұшқышсыз ұшу нысандарын атқан.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «істі жан-жақты және шынайы қараған сот барлық дәлелдерді зерттеп, айыпталушы У.А.-ны ҚР ҚК-нің 172-бабында қарастырылған («Шет елдерде қарулы жанжалдарға қатысу») қылмыс жасады деп таныды».

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 сәуір 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.