Атырау, 3 маусым 15:50
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Непалдағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 4 мыңнан асты

2 530 рет қаралды

Image 0Непалдағы алапат жер сілкінісі салдарынан 4 мыңнан астам адам ажал құшты, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы аталмыш елдің ішкі істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлаған. Ведомствоның хабарлауынша, 7 мыңнан астам адам медициналық көмекті қажет еткен.

Гималайда магнитудасы 4,9-дан 6,9-ға дейінгі жер асты дүмпулері әлі де жалғасуда.

Қазіргі кезде жер сілкінісінің кіндігі үнділік Батыс Бенгалия штатына ауысты, алайда Непал тұрғындары әзірге бүтін қалған баспаналарына қайта оралуға үрейленіп отыр.

Дереккөз: inform.kz


28 сәуір 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.