АҚШ-тағы атыс кезінде екі адам қаза болып, төрт адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлйды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Атыс 27 сәуірде жерлеу рәсімі кезінде Нью-Йорктегі шіркеулердің бірінде болды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға Бруклин ауданындағы шіркеулердің бірінде болған. Полицияның хабарлауынша, жәбірленгендер жергілікті ауруханаға жөнелтілді. Олардың жағдайы тұрақталды.
Еске сала кетейік, АҚШ-та осы жылдың ақпан айында болған атыс салдарынан бес адам, соның ішінде кішкентай бала да қаза тапқан еді. Оқиға Джорджия штатының Дугласвилл қаласында болды. Екі адам, соның ішінде атысты ұйымдастырушы да жарақаттанып, ауруханаға жөнелтілді. Сонымен қатар, қаңтар ойының соңында Нью-Йорк қаласында атыс болған еді. Қаланың төменгі бөлігіндегі дүкенге келген адамдар біреулердің оқ атқанын естіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер тапаншадан оқ атқан 31 жастағы ер адамды өлі күйінде тапты, ал оның құрбаны - 38 жастағы ер адам жарақат алды.
Дереккөз: tengrinews.kz