Атырау, 25 қараша 17:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Қырғызстан билігі Жеңіс шеруін 7 мамырға ауыстыру идеясынан бас тартты

1 798 просмотра

Image 0Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған республикадағы әскери шеруді 9 мамырда өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы қырғыз мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімінен хабарлады, деп жазды ТАСС.

"Президент жарлығына сәйкес, шеруді Қарулы күштердің Бас штабының бастығы Асанбек Алымкожоев қабылдайды", - деп хабарлады бөлімде.

Өткен жұма күні мемлекет басшысының кеңесшісі Фарид Ниязов баспасөз мәслихаты барысында 2015 жылы Жеңіс шеруі 9 мамырдан 7 мамырға ауыстырылатынын айтқан болатын.

"Ресми шешім әзірге шықпады, алайда бұл мәселе шешілді", - деген сол кезде Ниязов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 сәуір 2015, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.