Атырау, 28 қараша 10:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жасыл-сары маршруттар

2 447 просмотра

Атырауда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды (арбадағы мүгедектерді) тасымалдауға бейімделген автобустар пайда болды. Олар №№2, 10, 12, 14 және 30 негізгі бес бағытта жүретін болады.

Бұған дейін әкімдік тасымалдаушылармен бірігіп, көшелердің өткізу қабілеті мен атыраулықтардың қозғалуына қолайлы жағдай жасалуы ескеріліп, қала үшін автобустардың оңтайлы модельдерін таңдау жұмыстарын жүргізген еді. 2014 жылдың қазанынан бастап «ПАЗ», «ЛиАЗ» зауыттарының және украиналық «ISUZU-Атаман» зауытының өкілдерімен әлденеше рет кездесулер өткізілді. Бұдан басқа, Атырау қаласының делегациясы Минск автомобиль зауытында болып қайтты.

Нәтижесінде «АйсТрансХолдинг» ЖШС Украинадан жапондық «ISUZU» маркасындағы 14 автобусты сатып алды. Оның 5-уі арбаға таңылған мүгедектерге бейімделген. Олар жасыл түске боялады, қалған 9 автобус сары түсті болады. Бұдан былай тасымалдаушыларға автопаркті жаңарту кезінде қаланың эстетикалық келбетін жақсарту үшін осы түстерді ұстануға кеңес берілді. Жыл аяғына дейін тасымалдаушы «АйсТрансХолдинг» ЖШС тағы 30 автобусты сатып алуды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 сәуір 2015, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.