Атырау, 28 қараша 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тағы бір сауда-ойын сауық орталығы болады

4 625 просмотра

Image 0Атырау қаласының қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында бірнеше жобалар қаралды.

Сарапшылар нысандардың қызметтік маңызы мен құрылыс материалдарының сапасына ғана емес, іргелес аумақтарды абаттандыруға, кірме жолдарды төсеуге, автотұрақтардың болуына көңіл аударды.

«ABE-K» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесе отырып, Нұрсая ықшамауданынан «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға арналған бес қабатты үй салуды жоспарлап отыр. Үйде алаңдары тиісінше 35,1 және 56,48 шаршы метр болатын бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлер болады. Үйді құрылысшылар бір жарым жылдан кейін тапсыруды жоспарлауда. Алайда жоба құрылыс материалдарының сапасы мен кейбір сәулет шешімдеріне қатысты ескертпелер тудырды.

Тайманов пен Жарбосынов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй жобасы анағұрлым жылы қабылданды, бұл жерде көгалдандыру да, жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық та ескерілген.

Тағы бір жоба - Әбілхайыр хан даңғылындағы сауда-ойын сауық кешені. Тапсырыс беруші - «Группа компаний Атаба» ЖШС. 72 мың шаршы метрге супермаркет, кинотеатр, балалардың ойын-сауық кешені, мейрамханалар, бутиктер, аквапарк, жерасты паркингін орналастыру жоспарланған. Сауда-ойын сауық орталығының құрылысын мамырда бастау жоспарланып отыр.

Жоба әзірлеушілер сэндвич-панельдер мен металл құрылымдар шығаратын зауытты, Нұрсаядағы бизнес-орталықты, Пушкин көшесі бойындағы жеті қабатты кеңсені, Сұлтан Бейбарыс алаңындағы қонақ үйді, Сауырғалиев көшесіндегі тұрғын үй кешенін, Құлманов көшесіндегі қонақ үй кешенін сарапшылар төрелігіне ұсынды. Барлық жобалар бойынша ескертулер мен тілектер айтылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 сәуір 2015, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.