Атырау, 25 қараша 17:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Боко Харам" атауын өзгерткеннен кейін "Ислам мемлекетімен" бірікті

1 530 просмотра

Image 0"Боко Харам" радикал тобы атауын "Ислам мемлекетінің батысафрикалық провинциясы" (Islamic State's West Africa Province = Iswap) деп өзгерткеннен кейін "Ислам мемлекетімен" бірікті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Independent газетінің мәліметінше, "Боко Харам" үкіметтік күштеріне жасалған жаңа шабуылдарының аясында атауын Iswap-қа ауыстырды. Бұл туралы топтың ақпарат құралдарында жарияланған насихат материалдарында айтылады.

2002 жылдан бері белгілі "Боко Харам" атауы "Батыстық білім беруге тыйым салу" деген мағынаны береді. Оларды осылай Майдигури қаласының тұрғындары атап кеткен.

Осыған дейін "Боко Харам" тобының "Ислам мелекетіне" адал болуға ант бергені хабарланған еді. "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының жетекшілерінің бірі Мұхаммед әл-Аднани наурыз айында нигериялық содырлардың антын қабылдағаны жайлы мәлімдеді.

Осы жылдың ақпан айынан бастап Нигерияның үкіметтік қарулы күштері Чад пен Нигер елдерінің әскери контингенттерінің қолдауымен лаңкестік ұйымдардың базаларын жою бойынша ірі операция өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта, әскери сарапшылардың айтуынша, әскери операция "Боко Харам" тобының әскери күшін ыдыратты.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 сәуір 2015, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.