Облыс орталығындағы Нұрсая ықшамауданында 195 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілді.
Үй «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. 79 пәтерді мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлері, 45-ін– жас отбасы, 39-ын – аз қамтылған отбасы, 30-ын – жетімдер, 2-уін – үйлері апатты деп танылған отбасылар алды. Жаңа қоныстанушыларды бұл күні Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ құттықтады. Ол жыл аяғына дейін тағы 21 үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын, одан кезекке тұрған 1 254 адам баспана алатынын әңгімеледі.
Әкімнің айтуынша, 1 мамырда Нұрсаяда жақында пайдалануға берілген 280 орындық балабақшаға жолдама беру басталады. Биыл осы жерде демеушілік қаржы есебінен 380 орындық тағы бір мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталмақ. Ал жаз келгенде 624 орындық мектеп құрылысы басталуы тиіс. Қазір Нұрсаяның балалары Авангард мектептеріне барып оқуға мәжбүр. Сондықтан ол мектептер лық толы.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ