Атырау, 28 қараша 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көптен күткен Samsung смартфоны Атырауға да жетті

2 685 просмотра

Image 117 сәуірде «Кселл» Қазақстанда Samsung Galaxy S6 және Galaxy S6 EDGE флагмандарын ресми сатылымға шығаруды бастаған алғашқы компания болды. Көптен күткен жаңа смартфондар енді Атырау тұрғындарына да жетті.

Samsung-тің атышулы өніміндеріне алғаш болып Алматы мен Астананың тұрғындары қол жеткізді. Олар үшін жаңа смартфондар сатылымы 17 сәуірде сағат 00.00-де басталды.

Сатылымды ашқан кезде «Kcell» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс былай деп атап өтті:

- Инновациялық смартфондармен бірге ұялы байланыс – бұл жаңа коммуникациялық технологияның артықшылығына қол жеткізіп, сезіне білудің үздік әдісі. Біз Samsung Galaxy S6 және Galaxy EDGE секілді девайстардың топ моделі қазақстандықтардың көпшілігі үшін неғұрлым қолжетімді болғанын қалаймыз. Сондықтан да біз клиенттерімізге ұялы интернет, дыбыстық байланыс және SMS енгізілген біздің үздік келісімшарттық ұсыныстарымызбен бірге оларды алғашқы болып алуды ұсынамыз.

Бұл күні жаңа смартфондар Атырау қаласының тұрғындары үшін де қолжетімді болды. Сатылым Құрманғазы көшесі, 13 б мекенжайындағы «Кселл» компаниясы Атырау филиалының орталық кеңсесінде ашылды.

Металл мен шыныдан жасалған жаңа буынды Samsung Galaxy S6 және Galaxy S6 EDGE смартфондары тек заманауи дизайнерлік шешім ғана емес. Бұл - 0,7 секундта іске қосылатын және жоғары шешімді өте жылдам камера, саусақ таңбаларын сканерлеумен қауіпсіз қолданылатын, сымсыз қуаттау кіріктірілген және қуаттауға бар болғаны 10 минут уақыт кететін, қуатталғаннан кейін 4 сағат бойына жұмыс істейтін өнім.

Атырауда жаңа Samsung смартфондары басқа абоненттік орталықтардағыдай секілді 32GB және 64 GB жадымен және алуан түрлі түспен ұсынылған.

Смартфондарды толық құнымен және тиімді келісімшарттық пакеттермен сатып алуға болады. Сатып алушыларға қолайлы болу үшін пакеттер бір жылға, жыл жарымға және екі жылға есептелген. Смартфондар үшін алдын ала төлемдер таңдалынатын үлгілеріне қарай 15000 теңгеден бастап 55000 теңгеге дейінгі аралықта болады.

Жылдық пакетке қосу кезіндегі ай сайынғы төлем 16 990 теңгені, бір жарым жылға ай сайын – 10 990 теңгені және 2 жылға - 7 990 теңгені құрайды.

Image 0

- Мұнда қолданушы халықаралық GSMA ұялы операторлар қауымдастығының болжамы бойынша үздік смартфондардың бірін сатып алып қана қоймайды, «Кселл» компаниясынан үздік акциялық ұсынысты да алады, - деп атап өтті «Кселл» компаниясының Атырау филиалының директоры Аманжол ЖИЕНБЕТОВ (суретте), - Мәселен, жылдық келісімшартпен сатып алушыға - желі ішіндегі лимитсіз қоңыраулар, Kcell мен Activ желілері ішінде байланысу үшін 1000 SMS, басқа операторлардың нөміріне қоңырау шалу үшін 150 минут және ай сайын 10 ГБ Интернет-трафик қолжетімді.

Айта кетерлігі, «Кселл» желісінен сатып алынған Samsung келісімшартты телефондардың барлығы үшін ресми кепілдікпен қызмет көрсетіледі.

Атырау қаласының тұрғыны Құрманғазы АРГЕНОВ Kcell-дің тиімді ұсынысымен жаңа өнімді алғаш сатып алушылардың бірі болды:

- Мен осы смартфондардың нарыққа келуін күттім. Kcell-дің оларды алғашқылардың бірі болып сатылымға шығаратынын кездейсоқ білдім. Келіп, смартфонмен таныстым. Ол шынымен де ерекше ықыласқа лайық. Оны қолға алған соң, одан бас тарту мүмкін емес. Оған қоса, жаңа өнімдер Kcell-дің тартымды келісімшарттық пакетімен сатылады. Өнімнің құны оны анағұрлым қолайлы уақытқа несиеге алуға болатындығымен де тиімді, осылай бірегей смартфон абоненттерге қолжетімді бола түседі. Мен алған өніміме ризамын, Kcell-ге рахмет айтамын!

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 08.06.1998 жылы берген № ДС0000270 мемлекеттік лицензиясы, мерзімсіз.

27 сәуір 2015, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.