Атырау, 28 қараша 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көмек тиелген алғашқы үш жүк көлігі Қарағандыға жетті

2 938 просмотра

Image 0Атырау облысынан аттанған гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы қарағандылықтарға 22 сәуірде жетті. Үш ауыр жүк көлігі табиғат апатынан зардап шеккен адамдарға ондаған тонна азық-түлік пен ең қажетті бұйымдарды жеткізді.

Облыста гуманитарлық көмек жинайтын көптеген бекеттер ұйымдастырылып, көмек қолын созғылары келген адамдар еріктілерге, сондай-ақ жергілікті атқарушы билікке хабарласты. Облыстық әкімдік жүктерді көліктермен жөнелтуді үйлестірді. Кәсіпкерлер, ірі сауда желілері, мекемелер ұжымдары 7,5 мың литрден аса ауыз су мен шырын, 4,3 тонна астық, 3,3 тонна қант, 3 тоннаға жуық жарма мен макарон, 2,2 мың литр шемішке май, 1000 қораптан аса сүт, 800 қорап шәй, 2 мыңнан аса балық және ет қалбырлары, 1,3 мың құты тосап, 8000 түрлі дәрі-дәрмек, 100 кілем, 2 тонна жуа, сондай-ақ тұз, күріш, печенье, кофе сияқты тағам түрлерін жинады. Сонымен қатар, облыс үлкен көлемде кір жуғыш ұнтақ, сабындар, сабын су, әжетхана қағазы, жылы бас киімдер, резина етіктер, ыдыс және киімдер жөнелтті. Адамдар үйсіз-күйсіз қалды және жайлары болмай, әр жерде жатуға мәжбүр. Сондықтан да атыраулықтар Қарағандыға төсек-көрпелер - 500 көрпе, жастық, жылы жамылғыш, сондай-ақ мыңдаған жұп жаялықтар – жіберді.

Гуманитарлық көмек ең қатты зардап шеккен Ғабиден Мұстафин атындағы ауылға жеткенше 3 мың шақырымдай жол жүрді:

- Көмек жинау жалғасуда. Біз үйлерді қалпына келтіруге жәрдемдесуге және басқа да көмектер беруге дайынбыз, - деп атыраулық биліктің ұстанымын білдірді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН мен Мұратбек МАХАНОВ.

...Қазақстандықтардың осы күндердегі қиын жағдайға тап болған жерлестеріне көмек беру ниеттері мен ауызбірліктерін ойлап қана қоймай, мақтан тұтуға да болады. Алайда жиналған киімдердің «90%-ына дейін» сапасыз деген жарияланым бұған күйе жаққандай болды. Өзімнің субъективті пікірімді білдірсем, бұл келеңсіз хабар маған да ауыр тиді. Өйткені мен де, өзімнің жүздеген мың отандастарым сияқты, бұл қайырымдылық науқанына қолымнан келгенше үлес қосуға тырыстым. Азық-түлік және тұрмыстық бұйымдармен қатар мен қабылдау бекетіне жаңасы бар, киілгені бар, бірақ таза, бүтін киім-кешек алып бардым. Ішінде балаларға арналған киімдер де бар. Адамды ең алдымен осы балаларға деген аяушылық сезімі қозғайтыны құпия емес. Жеңіл де жылы етіктер, жаңа болмаса да, жағдай жақсарғанша кие тұруға болатын шалбарлар мен күртелер біреуді жылытады ғой деп үміттеніп, реттеп салғанмын. Шынымды айтсам, шын көңіліммен жіберген сол киім-кешектеріме «секонд хэнд» атауы тігіліп, өртеніп кетпеді ме екен деп уайымдап жүрмін...

Күнделікті өмірде осындай көмектерге мұқтаж таныстар барлығымызда бар, олар бұл тартуларды қуана қабылдар еді, алайда ана жақта бұлар көбірек керек деп сенімді болып едік. Әлде қателестік пе?

...Қарағанды облысына жөнелтілетін қайырымдылық жүктерін жинау және тарату бойынша бірыңғай орталық – Қызыл Жарты ай қоғамы кеше, 23 сәуірде, жіберілген киімдердің пайдасыз болғандығы жөнінде мәлімдеме жасады: «Бұл сөздердің айтқан еріктілердің гуманитарлық жүктерді жеткізу және бөлуге қатысты ұйымдастыру мәселелеріне құзіреті жоқ. Бұл - бізге қабылдау бекеттерінде заттарды іріктеуге көмектесіп жүрген оқушы балалар. Жүктерді өртеу үшін ешқандай алау жағылған жоқ. Бірде-бір жиде өртелген жоқ. Бұлай болмайды да», - деп мәлімдеді Қоғам өкілі. Бұл сөздер көңілімізді орнына түсірсе, көмек жинауды жалғастырайық. Алайда жіберіп жатқан заттарымыздың сапасына көңіл бөлгеніміз артық етпес.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 сәуір 2015, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.