Атырау, 25 қараша 17:47
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде Жеңіс күніне рақымшылық жарияланды

2 221 просмотра

Image 0Ресей мемлекеттік думасы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына байланысты рақымшылық жариялады. Ресми есеп бойынша, рақымшылыққа 260 мыңнан 400 мыңға дейін тұтқын ілігуі мүмкін. Бірақ құқық қорғаушылар рақымшылық жасалатындар саны бұдан бірнеше есе аз болуы мүмкін дейді.

Бүгін Мемлекеттік дума депутаттары президенттің рақымшылық жариялау туралы қаулысы жобасын бірден екінші және үшінші оқылымда мақұлдап жіберді. Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Мемлекеттік дума бүгін отырысында "Справедливая Россия" партиясының депутаты Дмитрий Гудковтың "Болотная ісі" бойынша сотталғандарға да рақымшылық жасау ұсынысын қабылдамай тастады.

Президент қаулысында ауыр емес және орташа ауыр қылмыстары үшін бірінші рет сотталған, айыпталған және күдікке ілінгендерді жазадан босату ұсынылған. Рақымшылық елге еңбегі сіңген, елді қорғауда әскери іс-қимылдарға қатысқандарға, Ауғанстанда, Шешенстан мен Солтүстік Кавказда әскери міндетін өтегендерге, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқандарға жасалмақ.

Бұларға қоса кәмелеттік жасқа толмағандар мен кішкентай балалары мен мүгедек балалары бар әйелдер, аяғы ауыр әйелдер мен жасы 50-ден асқан әйелдер, жасы 55-тен асқан ерлер, жалғызбасты ерлер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, қатерлі ісіктің үшінші және төртінші сатысымен ауыратындар, туберкулездің ашық түріне шалдыққандар және шартты түрде сотталғандар да рақымшылыққа ілігеді.

Бұл рақымшылыққа ағайынды Навальныйлер, "Болотный ісі" бойынша сотталғандар ілікпейді.

Құқық қорғаушылар президент қаулысын "көбінесе күштік құрылымдарда қызмет еткендерге рақымшылық жасауға арналған" деп сынайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 сәуір 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.