Атырау, 25 қараша 17:19
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​АҚШ мемдепартаменті аудармашысының Қытай тыңшысы екені анықталды

1 618 просмотра

Image 0АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) сыртқы саясат ведомствосында аудармашы болған әйелдің Қытайдың пайдасы үшін тыңшылық еткені анықталды. Алайда, оған ресми түрде айып тағылған жоқ, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі «Fox News» телекомпаниясы сілтеме жасай отырып.

2014 жылы АҚШ-тың Мэриленд штатында сотта қаралған құжаттар аудармашының қолында болған. Ол құжаттар күдікті Сяомин Гаоның Қытайда жүргенінде ҚХР барлау қызметінің өкілі деп танитын адамға мемлекеттік департамент шенеуніктері, АҚШ азаматтары туралы ақпарат беріп отырғандығын куәландырады. Бұл қызметі үшін ол бірнеше мың доллар ақша алған.

Ақпарат таратқан телеарнаның мәліметіне сүйенсек, аудармашы әйел сондай-ақ аз уақыт мемлекеттік департаменттің құпия ақпаратқа рұқсаты бар және АҚШ Елшіліктерін, соның ішінде Пәкістандағы дипломатиялық өкілдікті жобалаумен айналысқан қызметкермен бірге тұрған.

АҚШ билігі аудармашы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғамау туралы шешім қабылдаған. Оның себебі, айтылған жоқ. АҚШ сыртқы саясат ведомство өкілдері Fox News телеарнасының тілшілеріне әйелдің орталықта аударма қызметін ұсынған мердігер мекеме орталығында қызмет еткенін растады.

Қазір ол аталған орталықта жұмыс жасамайтыны айтылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 сәуір 2015, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.