Атырау, 25 қараша 17:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеуге Йеменнен көшірілген Қазақстан азаматтарын жеткізген ресейлік ұшақ келді

1 140 просмотра

Image 0

Тағы бір ресейлік ұшақ Йеменнен амалсыз кетуге мәжбүр болған азаматтармен 23 сәуір күні Мәскеу түбіндегі Чкаловскіге қонды, деп хабарлады ТАСС.

Бұл енді Йеменнен елден кетуге ұйғарған азаматтарды жеткізген тоғызыншы ресейлік ұшақ. Ил-62 ұшағының бортында 160-қа тарта адам болды. Соның ішінде Өзбекстан, Куба, Армения, Тәжікстан және Қазақстан азаматтары бар.

Бұдан бұрын бұл күні тағы бір Ил-62 140-тай адамды - Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Йемен және АҚШ азаматтарын жеткізген болатын.

Барлық келген адамдар медициналық, төлқұжаттық және кедендік бақылаудан өтеді. Одан кейін оларды Ресей сыртқы істер министрлігі автобустармен эвакуациялық пунктке жеткізіледі.

СІМ-де оларды шетелдік мемлекеттер өкілдері күтуде, ал өзінің сапарын одан әрі жалғастыратындар мәскеу әуежайларына жеткізіледі.

Дереккөз:ҚазАқпарат

23 сәуір 2015, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.