Атырау, 1 мамыр 07:32
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Теміржол бойындағы қаскүнем

1 963 просмотра

Image 0Құлсары теміржол стансасының желілік полиция бөліміне мекемелердің бірінің кезекшісінен Құлсары-Шоқпартоғай аралығында белгісіз біреулердің қуып кетуге қарсы теміржол құрылғыларын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Ақпарат расталды. Металл құрылғылар вагондардың ауырлығымен шпалдар қозғалып кетпеу үшін қолданылады. Мұндай әрбір металл құрылғының салмағы шамамен 2 келі. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Құлсары қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйінен 497 дана металл құрылғы табылған. Металл сынықтарын қабылдау орындарында бұл тоннаны шамамен 15 мың теңгеге бағалаған болар еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ
— Сен сонда мына гайканы тоқпақ ету үшiн бұрап алдың ба?
— Ендi қалай деп едiңiз? Немене мен оны асық ойнау үшiн алды дейсiз бе?
—Ақымақ-ау, сен мұның аяғының неге соғатынын түсiнбейсiң бе? Егер де күзетшi көрмегенде, пойыз рельстен тайып кетер едi, қаншама кiсi қырылар едi! Сен сонда кiсi өлтiрген бiреу боп шыға келетiн ең!
— Құдай сақтасын, тақсыр, ондай ой басыма кiрiп те көрген емес. Адамдарды мен не үшiн өлтiрмекпiн? Мен сонда дiнсiз, жауыз бiреумiн бе? Құдайдың өзi кешiре көрсiн, қадырданды тақсыр, азды-көптi жақсы өмiр сүрдiк, соның iшiнде кiсi өлтiрмек түгел, ол туралы ой басыма кiрiп те шығып көрген емес… О құдай, өзiң бәле-жаладан сақтай гөр! Сiздiң мұныңыз не?
— Әй, сен немене сонда пойыздың неден құлайтынын бiлмейсiң бе? Дәл мынадай екi-үш гайканы бұрап алсаң болды, апат болады!
Денис жақтырмай мырс ете қап, тергеушiге көзiн қыса қарады:
— Қайдағы! Осындай гайканы бұрап алып жүргенiмiзге пәленбай жылдың жүзi болды… ендi кеп апат… кiсi өлтiру… туралы айтасыз. Егерде рельстi суырып алып кетсем, болмаса жолдың үстiне кесiлген бөрененi кесе-көлденең қойсам, онда әңгiме басқа… Пойыз сонда ғана құлайды. Ал мына гайкадан… тiпу, со да сөз бе?!
— Әй, түсiнесiң бе, жоқ па, мына гайкамен рельстi шпалдарға бекiтедi ғой.
— Оның түсiнбейтiн несi бар?.. Ау, бiз барлық гайканы бұрап алып жатқан жоқпыз ғой… олардың бiр-екеуiн ғана аламыз, қалғандарына тимеймiз… Өйтiп iстейтiндей, кiм ақымақ?
А.П.Чеховтың «Қаскүнем» әңгімесінен үзінді

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.