Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали ҚАРАСАЕВТЫҢ (суретте) кітабының тұсаукесері өтті.
91 жастағы майдангердің естелік кітабы «Қазақстандық 312-атқыштар дивизиясы» деп аталады.
Орынғали Мұсаұлы 1942 жылы Ленинград түбінде шайқасқан. Кейінірек десант әскерінің он үшінші теңіз бригадасының құрамында Қиыр Шығыстан бір шыққан. «За боевые заслуги» медалін 45-жылдың тамызында жапондықтардың Квантун әскерін талқандау барысында алған.
Ардагер өз өмірінде талайды көрген. Егде тартқан жасына қарамастан әлі тың, белсенді қоғамдық қызмет атқарады.
Жаңа кітаптың тұсаукесерінен басқа музей жанындағы алаңда соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесу өтті. Қазіргі әскери «Фронтовичка» ансамблі ән айтып, өнер көрсетті. Ал, музей қызметкерлері көшеге сол отты жылдардың жәдігерлері мен ұлы шайқасқа қатысқан атыраулықтардың майдандағы фотосуреттерін көрмеге қойды.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор