Атырау, 23 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Олар Жеңіс шеруіне барады

3 198 просмотра

Image 021 сәуірде Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мерейтой медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Атырау облысында жыл басында 86 соғыс ардагері болған, бүгінде, өкінішке орай, тек 79 ардагер қалды. Тыл еңбеккерлері көбірек – 3 791 адам.

- Олардың барлығы мерейтойлық датаға марапат алады. Бүгін біз 302 адамға құрмет көрсетіп, құттықтаймыз, ал, денсаулықтарына байланысты мерекеге қатыса алмағандарға марапаттар үйлерінде табысталатын болады, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Мереке ЖАМБЫРБАЕВ.

Image 1

Бұдан басқа ардагерлер республикалық бюджеттен 100 мың теңге көлемінде, жергілікті бюджеттен тағы 200 мың теңгеден бір мәрте жәрдемақы алады.

«Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне республикалық бюджеттен 25 мың теңге және жергілікті бюджеттен де осындай сома тиесілі. Мұндай марапаты жоқ тыл еңбеккерлері республикалық бюджеттен 25 мың теңгеден алады. Соғыста қаза болған және соғыстан кейін көз жұмған жауынгерлердің жесірлері республикалық бюджеттен 25 мың теңгеден алады. Жалғыз блокадаға қатысушы мен фашистік концлагерьдің екі тұтқынына республикалық бюджеттен 30 мың теңгеден және жергілікті бюджеттен 5 мыңнан тиесілі.

9 мамырда Астанада өтетін салтанатты шеруге біздің 14 майдангер жерлесіміз қатысады. 5 мамырда олар Астанаға аттанбақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.