Атырау, 25 қараша 16:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокурор Джохар Царнаевқа өлім жазасын сұрады

2 384 просмотра

Image 0АҚШ-тың Бостон қаласында 2013 жылғы марафондағы жарылысқа қатысты іс бойынша өтіп жатқан сотта сәуірдің 21-і күні прокурор жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған Царнаевқа өлім жазасын кесуді сұрады. Массачусетс федералдық округі прокурорының көмекшісі Надин Пеллигрин айыпкер Джохар Царнаев "жарылысты кісі өлтіру мақсатында әдейі ұйымдастырғандықтан, өлім жазасы істеген қылмысқа лайық" деп санайды.

"Царнаев АҚШ тарихындағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейінгі ең ірі қайғылы шабуылды жасағаны үшін өлім жазасына кесілуі керек" деп мәлімдеген прокурор кіріспе сөзінде.

21 жастағы бұрынғы студент Джохар Царнаевқа 2015 жылдың басында жарылыстарды ұйымдастыру, полиция офицерін өлтіру, көлікті айдап әкетуге қатысты 30 тармақ бойынша айып тағылған. Бірақ Царнаев өз айыбын мойындамайды.

Тергеу деректері бойынша, Джохар Царнаев жарылысты АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстанда жүргізген соғыстары үшін "кек алу мақсатында" жасағанын айтқан.

Бостондағы жарылысты тергеу ісіне кедергі келтірді деген күдікпен Царнаевтың таныстары, қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев та сотқа тартылып жатыр. Оларға қатысты үкім биыл шығып қалуы мүмкін.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 сәуір 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.