Араб елдері коалициясы Йеменде барлық көздеген мақсаттарына жеткеннен кейін әскери операцияны тоқтатты, деп жазады ria.ru.
Бұл туралы сейсенбі күні одақ күштерінің қолбасшылығы Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарнасында хабарлаған.
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, коалицияның әуе шабуылы нәтижесінде көтерілісші хуситтердің қолында болған баллистикалық ракеталар жойылған. Сондай-ақ, елдің экс-президенті Али Абдалла Салих те жер жастанған.
Дереккөз: ҚазАқпарат