Атырау, 27 желтоқсан 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Царнаевтың соты аяқталуға таяды

2 306 рет қаралды

Image 0Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев. Бүгін АҚШ-та Бостон марафоны кезіндегі жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот үкімін шығару кезеңі басталады.

Прокурорлар мен адвокаттар Царнаев өлім жазасына, я өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілмес бұрын куәлерді сөйлетпек.

2013 жылы 15 сәуір күні марафон мәресінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.

Бостонда жүргізілген қоғамдық сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі 21 жастағы Царнаевты "өлім жазасына кесуді қолдамайтындарын" білдірген.

Жарылыста зардап шеккендердің кейбірінің туыстары, оның ішінде қаза тапқан 8 жасар ұлдың ата-анасы "Царнаев өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізуі тиіс" деген.

Адвокаттар Царнаевты "жарылысқа айыпты" дегенімен, оны оқиғадан кейін полициямен атыста оққа ұшқан ағасы "Тамерлан Царнаевтың ықпалында болған" деп санайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 сәуір 2015, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.