Сидней мен оның маңындағы қалаларда дауыл салдарынан 130 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Сейсенбі күні метеорология қызметінің өкілдері өткен түнде жел екпіні жылдамдығының секундына 37,5 метрге жеткенін айтты. Бірқатар аудан нөсер жаңбыр салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды ТАСС.
Тұрғындарының саны шамамен 4,8 млн адамды құрайтын Австралияның ірі қаласының көшелерінде құлаған ағаштар жатыр, көптеген автомагистральдарда қозғалыс тоқтатылды. Қалалық билік ауа райының қолайсыздығынан көптеген мектепті жауып тастады, бірқатар дүкен жұмыс істемейді. Құтқарушылар өткен түнде көмек сұрап, 2,8 мың қоңыраудың шалынғанын хабарлады.
Дереккөз: bnews.kz