Атырау, 25 қараша 16:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңтүстік Кореяның премьері жемқорлыққа қатысты жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш берді

2 214 просмотра

Image 0Оңтүстік Кореяның премьер-министрі жемқорлыққа қатысты елдегі жанжалға байланысты отставкаға кетуге өтініш берді, - деп хабарлайды AFP.

Оңтүстік Кореядағы жемқорлыққа қатысты жанжал құрылыс компаниясының басшысы Сон Ван Чжонның өз-өзіне қол жұмсауынан кейін басталды. Ол өлер алдында жазған хатында сегіз адамның есімін, соның ішінде Ли Ван Гу мен президент әкімшілігінің басшысы Ли Бен Киді пара алғаны үшін айыптаған. Осыған дейін де Сон Ван Чжон 2013 жылы Ли Ван Гуді өзінен 27 мың доллар алғанын айтты. Дегенмен, премьер айыптауды жоққа шығарды.

Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хенің премьер Ли Ван Гуға қатысты шешімі келесі аптада Мемлекет басшысының Оңтүстік Америка елдеріне сапарынан қайтып оралғаннан кейін белгілі болады. Айта кетейік, осыған дейін президент Пак жемқорлыққа қатысы бар кез келген адамды жазалауға уәде берді.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 сәуір 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.