Фотосурет: Kapital.kzЖеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасының ресми басталу уақыты таяу күндері Қазақстанның даму банкі («Бәйтерек» холдингі) мен 15 млрд теңгені игеруге қатысатын екінші деңгейлі алты банк операторлары арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін белгіленетін болады.
Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер үшін ҚДБ-дан алынған сома көлемі: Халық Банкі – 4 млрд; Еуразиялық банк – 3 млрд; Сбербанк – 2 млрд; АТФ – 2 млрд; ЦентрКредит банкі – 2 млрд; Форте – 2 млрд.
Ел ауқымы бойынша болмашы ғана 15 миллиард соманы банктер қысқа мерзім ішінде игереді деп жорамалданып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыруға кейбір қаржыгерлер бір жарым айға дейін уақыт беруде.
Бүгінде жеңілдікпен несие беру шарты белгілі:
20 пайыз бастапқы жарна;
Несие мерзімі – 5 жылға дейін;
Отандық өндірістегі (құрастырылған) автокөлік;
Құны – 5600 млн теңгеден жоғары емес;
Несие валютасы – теңге.
Қарыз алушыға қойылатын талап стандартты: қарызды жабу үшін жеткілікті жалақысы, несие алу тарихы таза және т.б. болу керек.
Бағдарлама шарты бойынша негізгі қарыз алушы үшін сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 4 пайыздан аспауы тиіс. Мұнда негізгі қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес, негізгі қарыз алушының сақтандыру және көлікті кепілдікке рәсімдеу шығындарын есептегенде жылдық 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Яғни, мемлекет ақшаны 4 пайызбен береді, ал банктер оларды тұтынушыға 7,5 пайызбен беруге міндеттеледі. Ол жерге рәсімдегені үшін бір мәртелік банк комиссиясы мен несиеге алынатын кез-келген көлік құралы үшін міндетті сақтандыру енгізілген.
Кейбір БАҚ-тар бағдарламаның 16 сәуірде басталып кеткені туралы ерте жариялап қойған, іс жүзінде кеше кейбір банктер, атап айтқанда, «Еуразиялық банк» бағдарламаны бастауға әзірлік ретінде өз серіктестері – қазақстандық автоөнеркәсіп дилерлері арқылы өз базаларына клиенттерді енгізіп, өтініштерді алдын ала қабылдауды бастаған.
- Осы өтініштер бойынша шешім 20 сәуірден кейін қабылданатын болады, - деді «Еуразиялық банкі» АҚ Атырау филиалының автонесиелеу бөлімінің бастығы Думан ЕЛЕУОВ. – Бағдарлама екі кезеңнен тұрмақ. Біздің деңгейде бекітілген өтініштер жергілікті филиалда қаралғаннан кейін бағдарлама операторы, Қазақстанның Даму банкі мақұлдауы тиіс. Содан кейін келісімді рәсімдеу процесі басталады.
Несиені мақұлдауға және рәсімдеуге бір-екі жұмыс күні кетуі тиіс деп болжанып отыр. Басқа банктер әзірге Келісімге қол қойылуын күтіп үзіліс алған.
- Бізге серіктестік туралы ұсыныспен "Еуразиялық", "Центркредит" және "Сбербанк" банктері шықты. Бағдарламаға, менің білуімше, «Форте», «АТФ» және «Халық» банктері де қатысады, - деді «Жанэль» ЖШС-нің Hyundai сату бөлімінің бастығы Дина ГОЛЫГИНА («Жанэль» - «Сары Арка автопром» Қостанай ірі торапты құрастыру зауытының ресми дилері) – Біз жеңілдетілген несие қызықтыратын клиенттерге консультация берудеміз. Осы бағдарлама бойынша ықтимал клиенттер базасын құрамыз. Содан соң сатып алушылар банктерге барып, сол жерден өтініштер рәсімдеп, қаралуын күтеді.
- Сіздің салонда ұсынылған көліктердің қайсысы бағдарлама шартына сай келеді, олардың құны қандай?
- Әзірге бұлар үш көлік жүйесі: бастапқы бағасы 3,100 млн теңгеден басталатын Hyundai Elantra, 3,740 млн-нан басталатын Hyundai I30 және 4,360 млн теңгеден басталатын Hyundai Tucson.
Tucson бағасы толық жиынтығында 5,390 млн теңгені құрайды, ол да бағдарлама талап ететін лимитке - 5,600 млн теңгеге кіреді.
Бағдарламаға Қазақстанның бүкіл автоөнеркәсіп зауыттары тартылды. Атырауда оларды дилерлер Skoda, Chevrolet, Kia, Лада 4Х4 (өскемендік "Азия Авто" автоқұрастыру зауыты) көліктер жүйесімен «БИПЭК-авто», қостанайлық «Агромаш холдинг» зауытында шығарылатын SsangYong, Peugeot және Geely брендті Allur group компаниялар тобы, "Жанэль"ЖШС ұсынады.
"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ
Негізгі параметрлер - құрастырылған елі мен бағасы бойынша жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына ілігетін көліктер тізіміне бірнеше ондаған модельдер кіреді. Ең ауқымды ассортимент бюджеттік GEELY маркасында. Оны Атырауда "Вираж" компаниясы ұсынады: 30 позициядан астам - құны 1 399 000 теңгеден басталатын Geely CK 1.3 Norma-дан бастап, бағасы 3 799 000 теңге болатын Geely X-7 2.4 Prestige AT көлігіне дейін.
PEUGEOT
Peugeot 301 - 2 312 500 теңгеден бастап
Peugeot 508 - 4 347 500 теңгеден бастап
Peugeot 3008 - 4 625 000 теңгеден бастап
Peugeot Partner - 2 590 000 теңгеден бастап
SSANGYONG
Nomad - 3 237 500 теңгеден бастап
New Actyon - 3 459 500 теңге
Kyron - 3 607 500 теңгеден бастап
Rexton - 4 625 000 теңге
Actyon Sports - 3 515 000 теңге
KIA
Picanto - 1 787 000 теңгеден бастап
Rio HB - 2 526 000 теңгеден бастап
Cee`d - 3 098 000 теңгеден бастап
Pro Cee`d - 2 935 000 теңгеден бастап
Cee`d Sportswagon - 3 451 000 теңгеден бастап
Cerato New - 2 985 000 теңгеден бастап
Cerato Koup New - 4 207 000 теңгеден бастап
Optima FL - 4 100 000 теңгеден бастап
Soul New - 3 141 000 теңгеден бастап
Sportage - 3 800 000 теңгеден бастап
Sorento New - 5 230 000 теңгеден бастап
Carens - 3 907 000 теңгеден бастап
SKODA
New Superb - 4 713 000 теңгеден бастап
New Superb Combi (толық жиынтық) 5 300 000 теңге
Octavia - 3 388 000 теңгеден бастап
Octavia Combi - 3 685 000 теңгеден бастап
Rapid - 2 139 000 теңгеден бастап
Rapid Spaceback - 2 497 000 теңгеден бастап
Superb Combi - 5 125 000 теңгеден бастап
Yeti - 3 473 000 теңгеден бастап
Yeti Outdoor - 3 543 000 теңгеден бастап
CHEVROLET
Aveo NEW - 2 320 000 теңгеден бастап
Cruze SW - 3 352 000 теңгеден бастап
Captiva NEW - 4 700 000 теңгеден бастап
Malibu - 4 683 000 теңгеден бастап
Cruze - 3 188 000 теңгеден бастап
Orlando - 4 275 000 теңгеден бастап
Cruze HB - 3 579 000 теңгеден бастап
Tracker - 3 382 000 теңгеден бастап
LADA
4x4 - 1 590 000 теңгеден бастап
HYUNDAI
Hyundai Elantra - 3 100 000 теңгеден бастап
Hyundai I30 - 3 740 000 теңгеден бастап
Hyundai Tucson - 4 360 000 теңгеден бастап
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА