Хош иісті көмірсутегілер кешенінің (ХКК) санитарлық-қорғау аймағына кіретін Перетаска ауылы тұрғын үйлерінің бірінің иесіне қатысты «АМӨЗ» ЖШС-тің талап-арызы бойынша сот отырысы өтті. Даудың себебі – мүлік құнын анықтау.
Естеріңізге салсақ, көшірілетін адамдарға АМӨЗ-дің 2013 жылы Атырау қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілген бағалау нәтижелерін негізге алып ұсынып отырған сомасы жеке меншік бағалау компаниялары шығарған мүлік бағасынан бірнеше есе кем («Перетаска: тығырыққа тірелу ме?» мақаласын қараңыз). Сотта қаралып жатқан жағдайда зауыт екі үйі және жасыл желектері бар жер теліміне 14 миллионға жуық ақша ұсынып отыр, ал жеке меншік бағалаушы («Дю» ЖК) бұл мүлікті 33 млн теңгеге бағалап отыр.
Бұрын ТТБ-да (БТИ) жасаған Юлия ДЮ сотқа өзі қолданған әдістемені түсіндірді. Оның айтуынша, 1997 жылға дейін Қазақстан аумағында бағалаушылар кезінде Мәскеуге қолданылатын талаптар арқылы жасалған, ал жергілікті жерлерде өңірлер үшін әзірленген коэффициенттермен есептелетін КСРО нормативтік анықтамалықтарын пайдаланып келген. Ал 2008 жылы республикалық Бағалаушылар палатасы жаңа «КО-ИНВЕСТ» анықтамалығын әзірлеп, бекітті. Осы құжат 2011 жылға дейін бағалар арасындағы жер мен көктей айырмашылыққа қарамастан кеңестік нормативтермен қатар жұмыс жасап келді. Мәселен, егер кеңестік анықтамалыққа сәйкес тұрғын үйдің әр шаршы метріне 45 теңге негізге алынатын болса, жаңа анықтамалықта метр құны 128 мың теңгені құрайды. Дю түсіндіріп өткендей, жаңа анықтамалықтар Астанаға қолданылатын талаптар бойынша жасалған, ал өңірлер үшін жыл сайын жаңаланып, бағалаушыларға таратылып отыратын коэффициенттер қолданылады.
2011 жылы, Дю ТТБ-да бағалаушы болып жүрген кезде, үкімет қаулысымен КСРО кезіндегі нормативтік-анықтамалық құжаттарды қолдануға тыйым салынды, ал бүгінде қазақстандық бағалаушылар жұмыс жасап отырған жалғыз әдістеме жоғарыда аталған «КО-ИНВЕСТ» анықтамалығы болып табылады.
Сотты жасыл желектерді есептеу әдістемесі қызықтырды, жаңаша есептеу нәтижесінде олар 17 млн теңгеге (!) жуық бағаланған. Ал зауыттың есептеуінше, жер телімінің құны 4 млн теңге, ал екі үйдің – негізгі және жазғы – бағасы 10 млн теңгені құрады.
- «КО-ИНВЕСТКЕ» сәйкес, әр жылжымайтын мүлік нысанының өз коды бар. Анықтамалықта «отырғызылған материал» деген кодпен белгіленетін жасыл желектердің де осындай белгілері болады. Олардың құны талдың биіктігі, анықтамада берілген параметрлер мен өңірлік коэффициенттер бойынша бағаланады. Осылайша, барлығы менің ойдан шығаруыммен емес, әдістеме бойынша есептелді, - деді Дю сотта.
АМӨЗ өкілі бағалаушыдан «КО-ИНВЕСТТІҢ» деректемелерін сұрап, жасыл желектерді осылайша бағалаумен келіспейтінін мәлімдеді.
- Бұл 100 мың долларға жуық ақша – Атыраудағы үш бөлмелі пәтердің бағасы. Маған ешкім сенбейді, - деді ол иығын қусырып.
Өкінішке орай, сот отырысы барысында АМӨЗ-дің қолданып отырған бағаларының сот-тауартану сараптамасы қандай әдіспен жұмыс жасайтынын ести алмадық. Сотта мәлімделгендей, сарапшы іссапарға кеткен екен. Осыған байланысты келесі отырыс 21 сәуірге белгіленді.
Отырыстан кейін мен Юлия Дюден оның бағалаулары мен мемлекеттік сараптама нәтижелерінің арасындағы осындай үлкен айырмашылықтың себептері туралы сұрадым.
- Олар қандай әдістеме қолданып отырғанын білесіз бе?
- Түк түсінсем бұйырмасын. Өзім де қызығушылықпен тыңдар едім. 2011 жылдан кейін мен басқа бірде-бір нормативтерді көрген емеспін. Сондай-ақ, мен қатысқан, «КО-ИНВЕСТ» әдістемесін оқытуға арналған 6 тренингтің бірінен де мемлекеттік сараптама мамандарын көре алмадым.
Естеріңізге салсақ, «АМӨЗ» ЖШС-тің қазіргі қолданыстағы санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) 740 гектарды құрайды. Зауытты қайта жаңғырту барысында СҚА
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА