Атырау, 3 маусым 16:58
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Йемендегі қақтығыстың өршуінен мұнай бағасы өсуде

1 750 рет қаралды

Image 0Йемендегі қақтығыстың ушығуынан мұнайдың әлемдік бағасы өсуде. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел бола алады, деп жазады RT.

Мәскеу уақытымен сағат 7:13-гі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны 1,21%-ға өсіп, барреліне 64,22 долларға жетті. WTI мұнайының мамырдағы фьючерстерінің бағасы 1,49%-ға, барреліне 56,57 долларға дейін көтерілді.

Таяуда Йеменнің оңтүстігінде хуситтер мен қазіргі президент Абд Раббо Мансур Хадидің жақтастары арасындағы текетіресте 100-ге тарта адам ажал құшты. Әсіресе Эд-Далиа қаласы аумағында жағдай ушығып кеткен.

Дереккөз:bnews.kzbnews.kz

20 сәуір 2015, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.