Атырау, 28 сәуір 13:37
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құлсарыда атылып қалды

5 742 просмотра

Image 0Сәуірдің 16-сы күні Құлсары қаласында 18 жастағы жергілікті жігіт қаза болды.

Оқиға кешкі сағат 11-де Құлсары қаласының 5 ықшам ауданында болған. Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ айтуынша, подьезд алдында тұрған бір топ жас жігіттерге автокөлікпен келген белгісіз біреулер оқ атқан. Жігіттердің бірінің ішіне оқ тиген. Оны аудандық ауруханаға жеткізгенімен, ол таңға жақын қайтыс болған.

ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Полиция үш күдіктіні ұстады, олар – 1992 және 1993 жылы туылған жергілікті тұрғындар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Облыстық ІІД департментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға орнында жедел уәкілдер 17 аңшы мылтығының оқ бытырасы және екі оқ тығыны табылған. Атыстың ақ түсті шетел көлігінің төмен түсірілген терезесінен болғаны анықталған. Оқ атқандар және көлік жүргізушісі қара бетпердеде болған. ІІД қылмыстың полиция басқармасы мен АІІБ қызметкерлерінен құрылған жедел-іздестіру тобына күдіктілердің жеке басын анықтауға және ұстауға тәуліктен аз уақыт қажет болған. Олардан 16-шы калибрлі бірауыз мылтық пен 16-шы калибрлі қосауыз мылтық, қара тоқылған бас киімдер, 22 аңшы оғы тәркіленді. Мұның бәрі Құлсарының шетіндегі сарайда жасырылған. Ұсталғандар Жылыой АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2015, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.