Фотосурет today.kzАтырауда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды.
Жәрдем жинау Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурс орталығының көмегімен өткізіледі. Жеке бастама бойынша ашылған барлық қосындар бір акцияға біріктірілді.
- 16 сәуірде біз кездесіп, зардап шеккендер үшін қабылдау қосындарын құрған бүкіл бастамашы топтармен хабарласып, бірлесіп жұмыс істеуді ұйғардық. Жұмыс күштері жетіспеген кейбір қосындарға біз қолдау үшін облыстық еріктілер корпусынан жастарды жібердік, - дейді Атырау қ. Жастар ресурстар орталығының жетекшісі Жасұлан БИСЕМБИЕВ - Егер 19 сәуірге дейін көп зат жинай алсақ, сол күні жібереміз. Бірақ негізінен 24 сәуірде, содан кейін 4 мамырда жіберетін болармыз.
Ниет білдірушілер қалбырдағы немесе кептірілген азық-түліктер, кепкен нандар, крекерлер, галеталар, тұз, ұн, қант, балалар азығы, бір мәрте қолданатын ыдыстар, майлықтар, жөргектер, шұлықтар, іш киімдер, аяқ киім, жылы киім-кешектер, жамылғылар, термостар, төсек-орындар, жуу-шаю құралдары мен жеке гигиена құралдарын әкеле алады. Жаңа зат әкелу міндетті емес, бастысы олар таза әрі бүтін болғаны жөн. Ал орау үшін сөмкелер мен скотч қажет болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Атырау қаласы бойынша қабылдау қосындарының мекен-жайы:
1. Махамбет көшесі, 116/2, Жастар ресурс орталығы. Телефондар: 97-12-13, 97-12-14, 97-12-15, 97-12-16; 8-707-122-07-86.
2. Авангард, 4-1-87. Maximum заңгерлік кеңсесі, Айдос Ибраймов, тел.: 75 66 38; 50 31 42; 8 701 453 92 77; 8 777 915 65 56.
3. Яблочный өткелі, 2, Гүлбаршын, тел.: 8 701 530 66 46; 8778 703 38 46; 75 66 38.
4. Азаттык даңғылы, 74»б», 2-қабат, 3-кабинет, Светлана, тел.: 8 701 063 87 87.
5. Шолохов көшесі, 10, «Номад» кеңсесі, ауладан кіреді (18 сәуірде ашылады).
6. Махамбет көшесі. 118 "г", 38 пәтер, тел.: Арай - 8 702 242 3841, Әлия - 8 702 616 6163.
7. Махамбет көшесі, 97»а». Гүлхан, тел.: +7 701 554 21 54.
Құлсарыдағы қабылдау қосыны: "Элит" сұлулық салоны (1 м/а., 26 үй), Әсел, тел. 8 701 595 55 75.