Испания ақпарат құралдары елдің бұрынғы экономика министрі, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бұрынғы таратушы директоры Родриге Ратоның ұсталғанын хабарлады. Ол "алаяқтық жасаған" және "қаржы жымқырған" деген күдікке ілінген. 16 сәуірде Родриге Ратоның үйі тінтілген.
Родриге Рато ХВҚ-ны 2004-2007 жылдары басқарған. Бұған дейін ол Испания халықтық партиясының жетекшілерінің бірі болған.
БАҚ ақпаратына қарағанда, құқық қызметкерлері Ратоның капиталға жасалған рақымшылықты пайдаланып жария еткен ақшасының төркінін тексеріп жатыр.
2012 жылы Испания премьер-министрі, халықтық партия жетекшісі Мариано Рахой үкіметі капиталға рақымшылық жариялаған.
Рато бұған қоса бір кезде өзі басқарған Bankia банк конгломератындағы қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану ісі бойынша да сотқа тартылған.
Дереккөз: Азаттық радиосы