Дубайдың сот органдары туристердің қатысуымен орын алатын қылмыстарды қарастыру үшін арнайы сот құрылатынын мәлім етті, деп жазады Interfax.
Жаңа сот өз жұмысын биыл бастамақ. Ол ұсақ қылмыстарға барған туристердің істерін қарайтын болады.
«Дубайға туристер күн сайын келеді. Кейде олар ішімдік ішу немесе мас күйінде көлік жүргізу тәрізді ұсақ қылмыстарды жасап жатады», - деді Дубайдың соттар департаментінің басшысы Мохаммад Абдул Рахман.
Арнайы соттың құрылуы мұндай істердің қаралуын жылдамдатады, деп санайды сот өкілдері.
Дереккөз: ҚазАқпарат