Атырау, 25 қараша 16:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ИМ жақтастары Түркіменстан елшілігі сайтын бұзды

1 723 просмотра

Image 0"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар хакерлер Түркіменстанның Беларусьтегі елшілігі сайтын бұзды. Елшілік сайтының негізгі бетінде бетперде киген, бас киімінде "Алладан басқа құдай жоқ" деген жазуы бар, АК-47 автомат қаруын ұстаған белгісіз ер адамның суреті пайда болған.

Суреттің үстінде ағылшын тілінде "Сайтты Абдулла Эльмагриби бұзды" деген жазу, орыс тілінде "Сайт қызмет етіп тұр" деген мәтін қойылған. Суреттің астыңғы жағында ИМ ұйымына сілтейтін жазулар бар.

Түркіменстан билігі сайттың бұзылуына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 сәуір 2015, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.