Атырау, 28 қараша 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Баспақты құтқару» операциясы

3 685 просмотра

Еркінқала ауылының тұрғындары «АЖ»-ға «баспақты құтқару операциясы» деген атауға лайық фотосуреттерді жолдады.

«Сәуірдің басында біз Жайық өзенінің Еркінқала ауылы мен Дамбы поселкесін қосатын өзектің жағасында, Үшарал деген жерде болып, екі сиырдың өліп жатқанын көрдік, - дейді еркінқалалықтар. - Олар бұл жаққа су ішуге барған ғой, ал сол уақытта өзендегі су қатты желдің салдарынан тартылып кеткен болатын, содан сиырлар жаға балшыққа батып, шыға алмаған. Сол жерде тағы да балшыққа батып, орнынан тұра алмай жатқан бір баспақ болды. Біз оның мүйізіне арқан байлап, құрғақ жерге сүйреп, әрең дегенде шығарып алдық. Бірақ, енді су деңгейі көтеріліп, жаға қалпына келуі керек».

Айнұр САПАРОВА

9 сәуір 2015, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.