Атырау, 25 қараша 16:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хакерлердің Израильді ғаламтордан мүлдем жою жоспары орындалмай қалды

1 458 просмотра

Image 0Палестинаны жақтаушы бағдарлаушы мамандар мемлекеттік және жекеменшік сайттарға шабуыл жасауда. Күндегі күйкі тірліктің күйбеңімен қарапайым халық виртуалды өмірде нағыз киберсоғыстың басталғанын байқамай да қалды.

Бұл – кеңістіктегі шабуылшылар «Анонимус» атты хакерлік топтың мүшелері. Орталық барлау басқармасы мен мемлекеттік органдардың ғаламтордағы сайтын бұзып кіру мен федералдық тергеу бюросының құпия әңгімесін тыңдау және оны тарату деректері – солардың сорақы әрекеті. Хакерлік топтың басты ерекшелігі, оның тұрақты басшысы мен нақты құрамы жоқ. Ал электронды дауыстары әлемнің әр тілінде үн қатады. Израильдің хакерлер шабуылынан зардап шегуі осымен 4 жыл бойы жалғасып келеді. Олар ғаламтордағы бақылауға қарсы шығып, сөз бостандығы үшін күреспек ниетте. Ал Израильге қойып отырған талабы – Палестинаны дербес мемлекет ретінде мойындау. Аймақтағы киберқылмыс саласындағы құпия тыңшы Алексей Расовскийдің айтуынша, ең сәтті жасалған шабуылдар әдетте қарапайым тексерістерден кейін анықталады. Алексей Расовский, киберқылмыс саласындағы маман: - Ақпараттық технология мамандары және киберқылмыспен қарсы күресетін бөлім мүшелері «Анонимус» ұйымдаспаған жас хакерлердің жиыны екенін айтады. Олар арнайы программалар арқылы біздің сайттарымызға жаппай шабуыл жасайды. Алайда қазір сайттардың барлығы мұндай әрекеттерден қорғалған. Хакерлердің шабуыл стратегиясы не болмаса қолданған қаруы осал болды ма, әйтеуір биыл «Анонимустің» Израильді ғаламтордан мүлдем жою жоспары орындалмай қалды. Оның орнына ондаған мың тұрғынның Facebook-тегі парақшаларына кіріп, жеке бас ақпараттарын ғаламторда жұртшылықтың назарына ұсына алды. Цвика Сионов, кәсіпкер: - Жеке бас ақпараттың таралуынан қауіптену дұрыс емес. Компьютерлік техника мен жүйеде хабарым бар болғанымен, хакерлердің шабуылы жылдан-жылға күшейіп барады. Осы жолы менің жолым болғанымен, өзге әріптестеріме айтарлықтай кесірі тиді. Алайда Израиль хакерлері оларға төтеп беруге қауқарлы екенін айтады. Жуырда мамандар қылмыстың бұл түрімен айналысатындардың сайтын бұзып, оларға ескерту хабарлама қалдырған болатын.

Дереккөз: 24.kz


9 сәуір 2015, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.