Атырау, 14 қаңтар 13:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Табиғаттың тосын сыйы шетел көлігін бүлдірді

2 569 рет қаралды


8 сәуірде Атырауда жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел тұрды.

Авангардтағы 3-ықшам аудандағы №39 «в» үй қабырғасының сылақпен сыланған қабаты жанында тұрған «Субару-Форестер» көлігіне опырылып құлады. Қожайыны есеңгіреп қалды. Оның көлігі апаттан сақтандырылған екен, бірақ ауа-райының тосын сыйынан емес. Қалай болғанда да, ол көліктің бүлінуіне байланысты хаттама рәсімделуі үшін жол-патруль қызметкерлерін күтті. 9 сәуірдегі ауа-райына келсек. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының метеоболжам бөлімінің бастығы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, сол жылдамдықта ұйтқып жел соғады, кешке жауын-шашын болады деп күтілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

9 сәуір 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.