Атырау, 5 қазан 14:15
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Оқиғалар тізбегі

1 772 просмотра

Image 0

Наурыздың 31-де Баймұханов көшесінде «Тойота Прадо» мен «Лада Приора» жүргізушілері жол қозғалысы ережесін кім жақсы біледі деп айтысып қалады. Ресейлік авто жүргізушісі оппонентін ұрып жіберген. Кешікпей оны жол-патруль қызметкерлері ұстады.

***

ҚІІБ-не 47 жастағы қала тұрғынының алаяқтық әрекеттері туралы төрт азаматтан шағым түсті. Өткен жылдың тамызында ол «Прогресс А» бау-бақша серіктестігінен жер телімін алуға көмектесемін деп уәде беріп, олардан 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ақша жинап алып, ғайып болған. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жүргізілуде.

***

ҚІІБ-не Элеваторный көшесінде орналасқан кәсіпорын басшысы шағымданды. Оның айтуынша, 20 жастағы қарауыл базадан екі рулон линолеум ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

***

«Бекіре» операциясы барысында 2 сәуірде Ақсай поселкесінде су полициясының қызметкерлері жалпы салмағы 4 центнерге жуық балық салынған бірнеше қапшығы бар 51 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

ҚІІБ-нің криминалдық полициясы Өркен поселкесінің 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 28 наурызға қараған түні Авангард 3-ықшам аудандағы үйлердің бірінің ауласында 31 жастағы азаматтың ұялы телефонын тартып алған.

***

Сәуірдің 1-іне қараған түні Нұрсая ықшамауданында полиция «Лада-Гранта» көлігінің дөңгелегін түсіріп алмақ болған 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полицияға Жұлдыз поселкесінің 28 жастағы тұрғыны шағымданды: 2 сәуірге қараған түні Балықшыдағы мейрамханалардың бірінің жанында белгісіз біреу оның «Фольксваген-Венто» көлігіне тас лақтырып, әйнегін сындырған. Бұзақылық жасады деген күдікпен Привокзальныйдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

9 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.