Ranking.kz мониторинг қызметі мамандарының мәліметі бойынша, Атырау облысы баспанамен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстанда он бірінші орынға ие.
Атырау облысы ақпанда жаңа баспананы тапсыру көлемі бойынша елімізде 6-орынды иеленді. Бұл кезеңде 32,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Мұнда негізгі көлем жеке тұрғын үй құрылысының еншісіне тиеді. 18 пәтер мен 213 жеке үй тапсырылды. Ал, Атырау облысының бір тұрғынына тұрғын алаңның бар болғаны 19,9 шаршы метрі тиеді.
Тамара СУХОМЛИНОВА