Атырау, 25 қараша 16:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей мигранттар тапсыратын тестті қиындатты

1 415 просмотра

Image 0Ресейде елде тұруға рұқсат алғысы келетін мигранттардың тарих, орыс тілі мен құқықтан тапсыратын тест сынақтарының күрделі, жаңа нұсқалары дайындалды. "Известия" басылымының хабарлауынша, тесттер 2015 жылдың шілдесінен бастап қолданылады.

Жаңа ереже бойынша, рұқсат алғысы келетін мигранттардың сөздік қорында орысша кемінде1250 сөз болуы тиіс. Жаңа нұсқада тарихқа қатысты жаңа бес сұрақ енгізілген. Олардың кейбірінің саяси астары бар. Бір сұрақта Қырымды "2014 жылы Ресейге қосылған" аймақ деп көрсету қажет. Тестте бұған қоса Иосиф Сталин "Совет одағын Ұлы отан соғысында жеңіске жеткізген адам" деп көрсетілген.

Ресейде 1 қаңтардан бастап елде тұруға рұқсат алу үшін орыс тілі, тарихы мен құқықтан тест тапсыру міндеттелген. "Известия" дерегі бойынша, осы уақытқа дейін 440 мың адам тест тапсырған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 сәуір 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.