Атырау, 5 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Балықты сатып алыпты

2 091 просмотра

Image 06 сәуірде «Бекіре» операциясының барысында су полициясы қызметкерлері Атырау-Дамбы тас жолында жүк салғышында 30 келі бекіре тұқымдас балығы бар автокөлікті ұстады.

ВАЗ-21723 көлігінің жүргізушісі 34 жастағы Дамбы тұрғыны екен, алайда, көліктегі сегіз балық, кейін анықталғандай, оның жолаушысына, 30 жастағы Атырау қаласы тұрғынына тиесілі екен. Оның айтуынша, балықты ол Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамдардан сатып алыпты.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 сәуір 2015, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.