Атырау, 25 қараша 16:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда сәуір төңкерісін еске алып жатыр

1 365 просмотра

Бішкекте сәуір төңкерісі құрбандарына арналған ескерткішті күзетіп тұрған сарбаздар. Бішкек, 7 сәуір 2015 жыл.Қырғызстанда бүгін бұрынғы президент Құрманбек Бакиев билігін құлатқан 7 сәуірдегі көтеріліске бес жыл толды. Ел астанасы Бішкек пен Қарақол қаласында бүгін көтерілісте полициямен қақтығыстарда қаза тапқан шерушілерді еске алды.

Бішкекте Ала-Тоо алаңында 7 сәуір оқиғаларына қатысты жиында сөйлеген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс Қырғызстанды "экономикалық күйреуден құтқарып, қайтадан өркендеуіне жол ашқанын" мәлімдеді. Ол Қырғызстандағыдай төңкерістер кейбір елдерде де болғанын, бірақ өз мақсатына жетпей қалғанын айтты.

- Бірқатар елдерде, мысалы Ливия, Сирия, Украинадағы төңкерістер соғысқа ұласты. Йеменде де осыған ұқсас жайттар болып жатыр. Тунисте оппозиция жетекшілерін өлтіріп жатыр. Өкінішке орай, бұл елдерде экономика артқа кетіп, инфляция күшейді, - деді Атамбаев.

Еске алу шарасына жиналғандар алаңдағы төңкеріс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қаракөл қаласында жергілікті билік өкілдері мен төңкерісте қаза тапқандардың туыстары, қоғамдық белсенділер сәуір оқиғасын еске алып, құрбандарға арнап гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.

Қырғызстанда 2010 жылдың 6 сәуірінде Талас қаласынна басталған наразылық ел аумағында жаппай толқуға ұласып, полиция мен шерушілердің қақтығысынан 100-ге тарта адам құрбан болды. Төңкеріс нәтижесінде 2005 жылы "Қызғалдақ" төңкерісі арқылы билікке келген президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

7 сәуір 2015, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.