«Ақ Жайық» газетінің редакциясы «Кешіккен үйлер» жарияланымындағы «Бір мердігер - «Атырау Вита Сервис» ЖШС осыдан екі ай бұрын жұмысын тоқтатып, құрылысты «ХазарТрейд» ЖШС жалғастырды» деген нақты емес ақпарат үшін кешірім сұрайды.
«Атырау Вита Сервис» ЖШС директоры С. Хайруллиннің мәлімдеуінше, оның фирмасы бас мердігер болып табылады, құрылыс жұмыстарын ешуақытта қалдырған емес және бүгінде құрылыс бар қарқынымен жүріп жатыр. Сонымен қатар, «Хазар Трейд» ЖШС мердігер емес, белгілі бір құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін қосалқы мердігер болып табылады.
Жобаны тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың маусым айына ауыстырылды.