Атырау, 6 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Барымташыларға торуыл құрылды

2 058 просмотра

2 сәуірде атыраулық полиция қызметкерлері 15 жылқыдан тұратын бір үйір жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады.

Бірлік ауылы тұрғынының Қарабатан маңында жайылып жүрген бір үйір жылқысы жоғалды. Бірнеше күн жылқыларын іздеп таба алмаған ол Алмагүл ықшамауданындағы №2 қалалық полиция бөліміне көмек сұрап келді. Қылмысты ашу үшін тергеу тобы қрылып, полицейлер сол күні жылқыларды Бірлік ауылы маңындағы иесіз құрылыстың ішінен тапты. Барымташыларды ұстау үшін полиция қызметкерлері үш күн торуылда отырып, ұрыларды ұстады. 2 сәуірде барымташылар олжаларын алуға келіп, қақпанға түсті.

- Барымташылар тобында үш адам болғаны, топ басшысы – Бірлік ауылының бұрын сотталған 26 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қасындағылар Бірлік ауылындағы туысқаны мен Көкарнада тұратын танысы екен, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. ҚР ҚК-нің 188-бабы 2 тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 сәуір 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.