"Барлығы 56 мәйіт шығарылды", - деп мәлімдеді агенттік өкілі. Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучковтың айтуынша, Охот теңізіндегі кеме апатына қатысты 10 түрлі тұжырым қаралып жатыр. "Кешенді комиссия жұмыс істеп жатыр, істің жай-жапсары туралы ресми тұжырымдама тек ресми тергеуден кейін ғана беріледі. Әзірше қандай да бір тұжырымдамаларды қарастыруға болады, бірақ олар туралы салмақты дүние айту жөнсіздік", - деді Пучков.
Бұған дейін "Дальний Восток" кемесінің бортында алдын ала мәлімет бойынша, 78 ресейлік пен 54 шетел азаматының болғаны хабарланды.
Кеменің апат болар алдында SOS дабылын қақпағаны айтылды. Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін. Кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Охот теңізінде "Дальний Восток" кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Елбасы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ресей президентіне және қаза болғандардың отбастарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Дереккөз: tengrinews.kz