Ел үкіметі борттағы өздігінен жазатын аппараттың әуе апатының себебін анықтауға көмектесетініне үмітті. Табылған "қара жәшік" ұшу кезіндегі техникалық мәліметті жазып алған. Бірінші өздігінен жазатын құрылғы лайнердің апатқа ұшыраған күнінде табылған еді.
Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Тергеу кезінде ұшқыш Андрес Лубитцтің жұмыс берушіден көзінің нашар көретінін жасырып келгені белгілі болды. "Қазіргі уақытта біз үшін басты мотивтердің бірі - оның денсаулығына байланысты жұмысынан айырылып қалудан қорқуы", - деді зерттеушілердің бірі.
Дереккөз: tengrinews.kz