Атырау, 28 қараша 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жайыққа су аз келеді

3 633 просмотра

Жайықтың түбі көрініп қалды. Суы мол болған жылдары алынбайтын қоқысы бар жерлерді тазарту керек.Жайықтың түбі көрініп қалды. Суы мол болған жылдары алынбайтын қоқысы бар жерлерді тазарту керек.Биыл Жайыққа су аз келеді деген болжам бар. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ хабарлады.

- Жайықтың су көлемі Ресей мен Ақтөбе облысындағы қар қорларына байланысты болады. Мол су тасқыны болу үшін Орал тауының қары тез еруі керек, ал ол үшін күн шуағымен қатар жаңбыр жаууы қажет. Бірақ биыл көктем ұзарып кетті. Оралдың бүкіл бассейні суық. Қыста түскен қардан пайда жоқ, ол жай еріп жатыр, ал еріген судың аздаған мөлшері желді ауа-райы салдарынан буланып кетеді. Қазір Орал тауларында қар аз қалды, - дейді Б. Қуанов.

1 сәуірден бастап, ресейлік сушылар Жайық арнасына Ириклинск су қоймасынан су жіберуді секундына 30-дан 15 текше метрге дейін азайтты. Жазда су қоймасына су жиналған кезде олар бұрынғы режимді қайтаруға уәде беріп отыр.

- Қазірдің өзінде ресейлік сушылардың Ириклинск су қоймасын жоспарланған су қорымен толтыру үшін су жинамай отырғаны айқын. Бірақ біз сонда да олардан жазда Жайық арнасына секундына 30 текше метрден көп су жіберуін сұраймыз, - дейді Қуанов.

Оның пікірінше, Жайықтың су көлемі биыл су тапшылығы байқалған өткен 3-5 жылдағы деңгейге жақын болады. Мамыр айында су тасқынының үдемелі кезінде Атырау қаласының маңындағы деңгей 455 см норма бойынша 400 см шамасында болады деп күтілуде (өткен жылы 467 см болған еді).

Жайық өзенінің жоғарғы жағындағы жағалауларда орналасқан тоғайларды су баспайтын шығар. Өрт қаупі бар маусым болады деп күтілуде. Табиғат аясына шығып, сейіл құруға құмар жандар от жаққан соң, оны міндетті түрде өшіріп кетулері тиіс. 

Егер су тасқыны мол болған кезде Жайық арнасынан Соколок, Бақсай, Нарын суару каналдарына су өз бетімен құйылатын болса, енді биыл оны сорғылармен тартып құюға тура келеді. Судың тайыз болуы себепті күзгі балық аулау маусымы кезінде теңізден өзенге балықтың түсуі проблема болады деп күтіліп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

3 сәуір 2015, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.