Белоруссия ешқашан Ресейдің бір бөлігі болмайды және бұл мәселені Ресей басшылығы көтерген емес, деп мәлімдеді ел президенті Александр Лукашенко Bloomberg-ке берген сұхбатында.
Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
“Біз егеменді, тәуелсіз мемлекетпіз және солай болып қаламыз”, — деді Лукашенко.
Лукашенко Путиннің ешқашан оған тәуелсіздікті ұмытып, Ресей Федерациясының губерниясы боласыңдар деп айтпағанына сендірді.
“Ол менің бұған қалай қарайтынымды жақсы біледі, сондықтан ондай сұрақты бір рет те көтерген емес”, — деді басшы.
Лукашенко Белоруссияны Ресейге тиесілі “солтүстік-батыс аймақ” деп есептейтін кей ресейлік саясаткерлерге бұл ойы жүзеге аспайтынын және Ресеймен арада жанжал болмайтынын ескертті.
Басшы Ресей президентімен бұл мәселе бойынша соңғы рет сөйлескенде, Путиннің ешбір елді басып алуды қажет етпейміз дегенін алға тартты.
“Маған оның (Путин —”Лента.ру” ескертпесі) “біз қандай да бір елді жаулап алуды қажет етпейміз, оның ішінде Белоруссияны да…Біз бір-бірімізге бауырлармыз” дегені ұнады” (Бұл әңгіме Украинадағы қақтығыстан бұрын болған), – деп мәлімдеді Лукашенко.
Белоруссия президенті Украинада болған оқиғалар елдің Ресеймен қарым-қатынасын еш өзгертпегендігін айтты.
Дереккөз: NUR.KZ