Атырау, 25 қараша 15:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚХР билігі: Бейжің қаласын негізгі ластаушылар - көліктер

1 625 просмотра
Бейжіңді негізгі ластаушылар - көліктер. Бұл туралы Цзянсу провинциясы Уси қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚХР қоршаған орта министрінің орынбасары У Сяоцин мәлім етті.

«Қытайдың 9 қаласында жүргізілген зерттеу Бейжің, Гуанчжоу, Ханчжоу және Шэньчжэнь қалаларын негізгі ластаушылар моторлы көлік құралдары екенін көрсетті», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың соңындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қытайда 264 млн моторлы көлік пайдаланылады. Оның 154 млн-ы - автомобильдер. Бұл көрсеткіш бойынша ҚХР АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Аспан асты елінің астанасының жолдарымен шамамен 5,6 млн автомобиль жүреді. Орташа алғанда 100 жанұяға 63 көліктен келеді.

Шанхай, Тяньцзинь және Нинбо қалаларының негізгі ластаушы көздері - шаң-тозаң мен өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары. Ал Шицзячжуан мен Нанкиннің ауасын көмірдің жануы ластайды екен.

Бір жыл ішінде Қытайдың өзге 26 ірі қаласы бойынша нәтижелер белгілі болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

2 сәуір 2015, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.