Атырау, 19 желтоқсан 16:43
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Кәрім Мәсімовтің "көрінбейтін" жұмыс стилі». «Путин тек майор болған». «Атамбаев Еуропа Одағын “алалады” деп сөкті». «Ресейге бес жылсыз ес жию қиын, ал бізді не күтіп тұр?». «КСРО-ның адамзаттан жасырған 10 құпиясы».

2 366 просмотра

AZATTYQ. ORG       «Кәрім Мәсімовтің "көрінбейтін" жұмыс стилі» - Кәрім Мәсімовтің премьер-министр қызметіне екінші рет тағайындалғанына бір жыл толды. Осы аралықта ол көпке көрінбейтін тұйық саясаткерге айналды.

«Путин тек майор болған» - КГБ генералы Олег Калугин советтік құпия қызмет, КГБ жансыздары және бұрынғы әріптесі Владимир Путин туралы естеліктерімен бөлісті.

«Екпеден соңғы дертті “жаппай невроз” деп атады» - Жаңаөзенде екпеден соң ауырғандарға «жаппай невроз» диагнозын қойған психологтар балалар аз уақытта сауығып кетеді деп сендіреді. Бірақ, кейбір ата-аналардың күмәні сейілмей отыр.  

«Атамбаев Еуропа Одағын “алалады” деп сөкті» - НАТО бас хатшысы Еуропа Одағын Украина, Молдова мен Грузияға көбірек көмектесуге шақырды. Ал Еуропада жүрген Қырғызстан президенті «біздің елге жәрдемдеспейді» деп Еуроодақты сөккен.

ALASHAINASY.KZ      «Ресейге бес жылсыз ес жию қиын, ал бізді не күтіп тұр?» - Кеше Ресейдің экс-қаржы министрі Алексей Кудрин «Ресей экономикасы бес жылсыз есін жинай алмайды. Қазіргі ахуалдың өзі соған апарып тұр. Ресейге тұс-тұстан салынған санкциялар әлі де алынбады, санкциялар тіпті жалғасын табуы да мүмкін» деді.

«Шикізатсыз дамуға Қазақстан әзір ме?» - Шикізат бағасы құлап, әлем тұрақсызданған сайын әр аумақтағы инвесторлар көптеген жобаны тоқтатты.

«КСРО-ның адамзаттан жасырған 10 құпиясы» - Жалған идеология мен жаңсақ саясатқа құрылған Кеңес одағының әлемнен жасырары көп болды.

«Мемлекеттік қызметшіні не күтіп тұр: мансап, жалақы+сыйақы...» - Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласы біраз өзгерістерге ұшырайтын сыңайлы.

ABAI.KZ.  «Адам азған заман» - Францияның Альпі тауларының мұзарт шыңдарында бір адамның, яғни, көмекші ұшқыштың жеке тағдырындағы түсінбестіктің кесірінен, дәлірек айтқанда, 27 жастағы ұшқыш Андреас Лубицке жүкті қалыңдығы тұрмысқа шығуға үзілді-кесілді қарсы болғандықтан, 24 наурыз күні Барселона қаласынан Дюссельдорф қаласына ұшып шыққан Germanwings авиакомпаниясының Airbus А-320 алып ұшағы апатқа ұшырады...

«Әлемдік экономикалық дағдарыс және біз» - Әлемдік экономикалық дағдарыстың Қазақстанға ықпалын төмендету үшін қандай шарлар қажет?

SKIFNEWS.KZ     «”Сыртқы саясаттың” сараптамасы сандырақ емес-ау?!» -  Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын жаңалық емес.

«ХХІ ғасырдағы сүниттер мен шииттер қақтығысы қайда барады?» - ХХІ  ғасырда  мұсылман елдері үлкен қайғыға душар болды десем, артық айтпаған болар едім – сүниттер мен шиттердің арасындағы қақтығыс үдеп барады.

2 сәуір 2015, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.