Атырау, 21 желтоқсан 17:52
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 377 просмотра

Қазақша күрес

22 наурызда Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мейрамын тойлау аясында қазақ күресінен дәстүрлі жарыс өтті.

Жарыстар70 келіге дейінгі салмақта және түйе палуан- абсолюттік салмақ дәрежесінде өтті. Жүлделі орындардың иелерін сәйкесінше50, 30 және20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар күтіп тұрды. Күреске шығуға ниет білдіргендер көп болды.

70 келіге дейінгі салмақта облыс құрамасының аға жаттықтырушысы, белдесе күресуден әлем чемпионатының5 дүркін жүлдегері Нұрболат Ыстыбаев жеңімпаз атанды. Финалда ол белдесе күресуден спорт шебері Асылбек Қалиевті жеңді. Самбодан спорт шебері Ерман Майлашев үшінші орын алды. Түйе палуандар белдесуінде қазақ күресінен спорт шебері Дулат Бегенов топ жарса, белдесе күресуден спорт шебері Ринат Лұқпанов екінші, қазақ күресінен спорт шебері Асылан Чапаев үшінші жүлдені қанжығаға байлады. «Барыс» республикалық турниріне бірнеше рет қатысқан Кенжебек Күзембаев және Сұңғат Закарияевтың жоқтығы байқалып тұрды, олар Қазақстан құрамасының сапында оқу-жаттығу жиынына кетті.

Осы күні алаңда қазақ күресінен тағы бір турнир өтті. Сақтандыру компанияларының бірі бас жүлдеге қой тігіп, 2-нші және3-інші орындарға сәйкесінше10 мың және5 мың теңге ақша салды. Қой Р. Лұқпановқа бұйырса, ақшаны А. Қалиев пен А. Чапаев ұтып алды.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Кір тасы

Былтырғы жылдың жазында Витебскіде кір тасын көтеруден өткен Бүкіләлемдік олимпиадада атыраулық ардагерлер Владимир МИЧРИ мен Евгений УХОВ13 медаль алған еді Алтынерлер» мақаласынқараңыз). Ал биыл наурызда Архангельскіде өткен әлем чемпионатына Владимир Борисович жалғыз барып, 12 алтын медальмен оралды. 

Бұл жерде әлем және Еуропа чемпионаты, орыстың флот қолбасшысы Федор Ушаковты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Мен 12 түрлі жарысқа өтінім беріп, барлығында да жеңімпаз атандым, - дейді В. Мирчи. – Екі күн жарыста және жаттығуда 16 келілік кір тасын жеті жүз рет көтердім. 

В.Мичри Атырау қаласындағы орталық жүзу бассейнінде нұсқаушы болып жұмыс жасайды және «Динамо» спорт қоғамының намысын қорғайды. 

Сурет «ЖС» мұрағатынан алынды

***

 

Бокс

Нальчик қаласында Балкар халқының қайта өркендеу күніне арналған бүкілресейлік «А» санатты бокс турнирі өтті. 

Турнирге Атырау облысының құрамасы да қатысты. Рашид Салауатов (49 келіге дейін) пен Ержан Ордабаев (60 келіге дейін) «алтын» алып, соңғысы турнирдің үздік боксшысы деген атаққа ие болды. 91 келіге дейінгі салмақта Рахман Әлжанов «күміс», 69 келіге дейінгі салмақта Азамат Досмағамбетов «қолаға» қол жеткізді.

***

 

Баскетбол

Ресейдің Орск қаласында2004-05 ж.т. ер балалар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті. 

«Атырау Барыстары» баскетбол академиясының командасы6 ойын өткізіп, төртеуінде жеңіске жетіп, нәтижесінде2-орын алды. Бексұлтан Тілепберген, Никита Крюков, Сержан Мырза, Ілияс Рахмет турнирдің үздік ойыншылары атанды. Балаларды Асқар Айтуғанов жаттықтырады.

Жаттықтырушылар мен спортшылар қолдау көрсеткені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұхановқа және«Атырау Барыстары» облыстық баскетбол командасы» КМК директоры Б. Мұхамбетқалиевқа алғыс айтады.

***

 

Ганюшкинода дүниге келген 17 жастағы жігіт Артем ПАРФЕНОВ (суретте) «Атырау Барыстары» командасы құрамында баскетболдан Қазақстан Жоғары лигасы чемпионатының«алтынына» ие болып, спорт шебері атанды.

24 наурызда«Атырау» ДСК-нде«Атырау Барыстары» және«Қазығұрт» (Шымкент) командалары арасында Жоғары лига чемпионатының екінші финалдық матчы(серия бір команданың екі жеңісіне дейін созылады) өтті. Жақында өткен алғашқы матчта«Барыстар» 74:48 есебімен ұтқан еді.

Екінші матч тартысты өтті. Қонақтар бірден есепте алға шығып, 10 ұпай айырмашылығын ойынның ортасына дейін ұстап келді. Содан кейін ғана«барыстар» сілкініп, есепті өз пайдаларына шешті: 96:89.

Бұл ойында«Барыстардың» барлық үш легионері де, жергілікті ойыншылар- Жалғас Нұрғалиев, Ибрагим Қонысов, Рустам Өтеген, Әлішер Төлеуов, Айбар Қабдрашев, Қадыржан Ғұбашев, Асқар Табешевтар да жақсы өнер көрсетті. Ал, Артем команда қоржынына6 ұпай салды.

Командадағы тәжірибелі ойыншы, 2008 жылы Жаңа Зеландияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен Вадим Бураков жаттықтырған әйгілі Қазақстан құрамасының мүшесі Қ. Ғұбашев бұл ойында бар шеберлігін көрсетіп, 7 айып добын, 3 екі ұпайлық, 5 үш ұпайлық соққы жасады. Жарайсың! ҚР баскетбол федерациясының вице-президенті Марат ШАКИРОВ былай дейді:

«Барыстардың жеңісіне «Қазығұрт» сапында негізгі орталық ойыншысы Павел Дынниктің ойнамағаны көп көмектесті. Ол ойын қарсаңында жарақат алып, үйіне кетті. Алайда «Барыстар» чемпионат басынан бері  көш бастап, финалдық турды өз алаңында өткізу құқығына ие болды. Жоғары лиганың финалына шыққан «Барыстар» мен «Қазығұрт» Қазақстанның Ұлттық лигасының ширек финалында ойнау құқығына ие болды. Осы ойындарда жеңіске жетсе, Ұлттық лиганың «Төрттік финалына» шығады. Сәттілік тілеймін!

Дайындағандар Анастасия ПАСТУХОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.