Бұл 22 наурызда күндізгі уақытта орын алды. Ер адам Махамбет селосынан Жайықтың арғы бетінде орналасқан Өткел ауылына өзен үстімен өтіп бара жатқанда мұз ойылып кеткен.
Бұл оқиға учаскелік полиция инспекторлары Ардақ ДОШЕКЕНОВ пен Ернар БИСЕМБИЕВТІҢ көз алдында болған. Полицейлер көмекке келіп, ойыққа жақындап, оны мұз бетіне шығарып алады. Содан кейін өздерінің қызметтік көліктерімен аудандық ауруханаға апарады. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жеткізіп салады.
Осылайша, Алға поселкесінің учаскелік инспекторы А.Дошекенов пен Ақжайық селосының учаскелік иснпекторы Е.Бисембиев адам өмірін құтқарып қалды.
Г. Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі